«Барселонаның» бас бапкері қызметінен кетті

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Испанияның «Барселона» командасының бас бапкері Тито Виланова өз қызметінен кету жөнінде шешім қабылдады. Бұл ресми түрде арнайы баспасөз мәслихатында хабарланды.

Бұған Виланованың қатерлі ісік ауруының қайтадан асқынуы себеп болып отыр.

Бір апта бұрын «Барселона» сапына қосылған Виланованың көмекшісі Жоан Франсеск Феррер каталондықтардың бас жаттықтырушысы қызметін уақытша атқаратын болады