«Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның коронавирус жұқтырып алғанын жазған болатынбыз.
Осы жағдайдан кейін Мәжіліс мәлімдеме жасады.