Баршаңызды сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырамын - Қ.Тоқаев
13:21, 09 Сәуір 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын 2019 жылдың маусым айында өтетін сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қадірлі Отандастар! «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз. Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, 2019 жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Бұл туралы бүгін республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.