Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ мұз айдынының қожайындары бастаманы уысында ұстады. Осыған қарамастан матчта қонақтар алғашқы болып есеп ашты. «Трактор» хоккейшілерінен Вячеслав Сосновин ерекшеленді. Алғашқы кезеңінің соңғы кезеңінде Найджел Доус тепе-теңдікті қалпына келтірді.
Екінші жиырма минутта командалар ша йба алмасты. «Барыстықтар» бірқатар уақыт тағы да қуып жетушілер рөлін атқарды. Қазақстандық команда сапынан голды Роман Старченко соқты.
Үшінші кезеңде «барыстық» Старченко мен Доус үшінші және төртінші голдарды салып, ойын твағдырын шешті.
Сөйтіп, Андрей Назаровтың жігіттері жылды мажорлық нотада аяқтап, Жаңа жыл қарсаңында өз жанкүйерлеріне жақсы көңіл-күй сыйлады.
Келесі матчты астаналық хоккейшілер 7 қаңтарда сырт алаңда Уфаның «Салауат Юлаевымен» өткізеді.