Роман Старченко - Барыстың құрамында ҚХЛ-дың бірінші маусымынан бастап 10 жылдан бері ойнап келе жатқан екі хоккейшінің бірі. Алдыңғы маусымда 32 жастағы сұрмерген тұрақты чемпионатта 39 матчқа қатысып, 20 (11 9) ұпай жинады. Жалпы ҚХЛ-дың есебінде Романның 515 матчтан 242 (139 103) ұпайы бар.
2018 жылы Будапеште өткен әлем чемпионатында Старченко турнирдің үздік сұрмергені атанып, 5 ойында 8 (6 2) ұпай жинаған.