АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын Ресейдің «Салават Юлаев» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Десе де, алғашқы голды ресейлік клуб хоккейшілері соқты. Олардың қатарынан Александр Хмелевски 12, Владислав Ефремов 24,Александр Шаров 45-минутта өзінің еншісіне жазды.
Ал, 50-минутта «Барыс» сапынан Темирлан Гайтамиров есеп айырмасын қысқартса, 55-минутта Понтус Оберг тағы бір шайба енгізді.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.
Енді олар 4 қыркүйекте Ресейдің «Сибирь» командасын қабылдайды.
Ал, 7 қыркүйекте Новосібірде «Сибирьмен» тағы бір мәрте кездессе, 9, 11 қыркүйекте сырт алаңда ресейлік «Авангард» (Омбы), «Динамо» (Мәскеу) клубтарымен шеберлік байқасады.
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңіндегі соңғы ойынын 2024 жылдың 26 ақпанында елордада «Сибирьмен» өткізеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.