«Концерт жоспарланған жоқ және өтпейді. «Барыс-Арена» ғимаратының басшылығы, оның ішінде елорданың «MTEXmanagement» спорттық-мәдени нысандарын басқаратын компания да қала тұрғындарына концертті өткізу шындыққа жанаспайтынын айтты. Ұйымдастырушы Марат Әбиев концертті өткізуден бас тарту туралы ресми хабарламаға қарамастан, тұрғындарды алдап, концертке шақыруды жалғастырып жатыр. Осылайша адамдарды шатастырып отыр!»
- делінген басқарма таратқан мәлімдемеде.
Ішкі саясат басқармасы қала тұрғындарын арандатушылыққа ермеуге шақырып, заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын қаперге береді.
Концерт туралы ақпараттың фейк екенін бұдан бұрын «MTEX management» басқарушы компаниясы мәлім еткен болатын.