Ойынның алғашқы кезеңінің үшінші минутында «Барыс» командасының шабуылдаушысы Никита Иванов есепті ашты, ал, бесінші минутта Кэм Баркер астаналықтардың жеңісін еселей түсті.
Келесі 20 минутта қытайлық команда өкілдері тек 1 ғана шайба сала алды. Бұл жетістік Дамьен Флеридің үлесінде. Бұл кезде «Куньлунь Ред Стар» командасының есе қайтаруға әлі мүмкіндігі бар болатын. Алайда, астаналықтар өз алаңдарына толық иелік ете алды. Олар қытайлықтарға ешқандай мүмкіндік бермеді. Келесі кезекті шайбаны қарсыластарының қақпасына «Барыс» командасының мүшесі Найджел Доус пен Роман Старченко салды.
Осылайша, «Барыс» Шығыс конференциясының рейтингінде 8-ші қатардан орын алды. Бұл өз кезегінде командаға плей-офф кезеңіне жолдама береді.