«Бүгінгі таңда бұл тәтті екі атаумен шығады: «Біздің жеңіс» және «Шайба». Оларды Астана, Қарағанды мен Теміртау қалаларында сатып алуға болады. Алдағы демалыс күндері оны Алматыда саудаға шығару жоспарланған» делінген хабарламада.
Бұл өнімді елорданың «Тенге», «Roll Mart», «Рамстор», «Қазақстан», «Спутник», «Астана» және «Мастер Хаус» супермаркеттерінен, сонымен бірге, «Аурика» автобекеттерінен сатып алуға болады. Қарағанды мен Теміртауда балмұздақ «Корзина», «Юма», «Южный» және «Береке» супермаркеттерінде сатылады. Фирмалық балмұздақты сатып алуға арналған сауда орындары алдағы уақытта көбейеді деп жоспарлануда.