«Барыс» бапкері қытайлық «Куньлунь Ред Стармен» болған матч туралы пікірімен бөлісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубының бас бапкері Андрей Назаров жаппай төбелеспен аяқталған қытайлық «Куньлунь Ред Стармен» болған матч туралы пікірімен бөлісті.

«Матч өте қызуқанды болды. Жанкүйерлер толыққанды үш кезеңнің ойнын көре алмағанына өкініш білдіремін. Қарсылас мұз алаңынан кетуді шешті, бұл - оның құқығы. Дегенмен кез келген жанкүйер спорттық аренаға не үшін келеді - соны ала алды деп санаймын. Бұл - шоу, адреналин, эмоциялар. Трибунада Дастин Бойдты қолдайтын плакаттарды көрдік, ол соңғы ойында қытайлық «Куньлунь Ред Стармен» болған матчта ауыр жарақат алып, жарыс жолынан шығып қалған болатын, қолдауларыңызға рахмет. Мүмкін жігіттер соны көріп, рухтанып кетті ме, кім біледі... солай болады. Бұл ерлердің қатаң спорты. Клуб менеджерлері айтып отыр маған, егер матчтан жанкүйерлер ләззат ала алмаған болса, келесі кездесуге билеттерін ауыстырып алуларына болады», - деді А.Назаров.

Билетті қайтаруға ниет танытқан кез келген жанкүйер оны үш күннің ішінде «ҚР Президенті кубогінің басқа да кездесулеріне алмастыра алады.

Айта кетейік, бүгін «Куньлунь Ред Стар» командасы Астанада ҚР Президенті Кубогі жолындағы жарыста «Барыс» командасынан оңбай таяқ жеді. Салдарынан «Барыс» клубының екі хоккейшісі Дамир Рыспаев пен Мадияр Ибрайбеков мачт соңына дейін шеттетілді. Өз кезегінде, төбелесте қатты соққы жеген қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасына мачты ары қарай жалғастырудан бас тартты және сол үшін оларға 5:0 есебімен жеңіліс жазылды.

Осылайша, астаналықтар Дастин Бойд үшін есе қайтарды. Есте болса, 5 тамызда «Барыс» командасының шабуылшысы Дастин Бойд «Куньлунь Ред Стар» хоккейшілеріне қарсы болған ойында аяғын сындырып алған болатын. Сол ойында дөрекілікпен ерекше көзге түскен қытайлықтар жеңіске де жеткен еді. Осының кесірінен «Барыстың» 41-ші нөмірлі ойыншысы 4 айға дейін жарыс жолынан шығып қалды.