«Барыс» бас бапкер В. Крикуновпен қош айтысты

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубы өзінің ресми сайтында бас бапкер Владимир Крикуновпен қоштасатыны жөнінде ақпаратты қуаттады, деп хабарлайды vesti.kz.

«Қос тараптың келісімі бойынша «Барыс» ХК мен команданың бас жаттықтырушысы Владимир Крикунов 2013 жылдың 30 сәуірінде аяқталатын келісім-шартты ұзартпау жөнінде шешім қабылданды», - делінген команданың хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық команданың бапкері болуға басты үміткер ретінде чех Милош Ржига аталып келеді.