«Барыс» бүгін елордада Беларусьтің «Динамо» командасымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 15 ақпанда елорда уақытымен 19:30-да басталады.

Екі команда бұған дейін 28 мәрте кездесті.

Оның 15-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде алпыс екі ойыннан кейін 59 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 20-орында келеді.

Ал алпыс төрт ойыннан кейін 63 ұпай жинаған «Динамо» 18-орынға жайғасқан.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада СКА командасынан жеңіліп қалды.