«Барыс» бүгін елордада «Сибирь» командасымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 1 қарашада елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 45 мәрте кездесті. Оның 21-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде жиырма бес ойыннан кейін 23 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 16-орында келеді.

Ал, жиырма бес ойыннан кейін 30 ұпай жинаған «Сибирь» 8-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Салават Юлаевтан» ойсырай жеңілді.