АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын бүгін, 13 ақпанда елорда уақытымен 19:30-да басталады.
Екі команда бұған дейін 28 мәрте кездесті.
Оның 11-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде алпыс екі ойыннан кейін 59 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 20-орында келеді.
Ал алпыс үш ойыннан кейін 93 ұпай жинаған СКА 1-орынға жайғасқан.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Мәскеуде ЦСКА командасынан 6:5 есебімен басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.