«Барыс» бүгін Ресейде «Металлург» клубымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 11 қарашада елорда уақытымен 19:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 65 мәрте кездесті. Оның 22-сі «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде жиырма сегіз ойыннан кейін 25 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.

Ал, жиырма сегіз ойыннан кейін 37 ұпай жинаған «Металлург» 5-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Витязь» клубынан жеңіліп қалды.