«Барыс» бүгін Ресейде «Салават Юлаев» клубымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Салават Юлаев» (Уфа) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 13 қарашада елорда уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 54 мәрте кездесті. Оның 22-сі «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде жиырма тоғыз ойыннан кейін 26 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.

Ал, жиырма сегіз ойыннан кейін 40 ұпай жинаған «Cалават Юлаев» 4-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, елордалық клуб «Металлургтен» жеңіліп қалды.