Ойынның бастапқы кезеңінен бастап елордалық команда жақсы ойын өрнегін көрсете алды. Яғни, бұл кезесудегі үш кезеңдегі басымдық «Барыстың» жағында болды. Сонымен бұл дода 8:1 есебімен астаналық команданың жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, осы кездесуге дейінгі мәліметтерге қарағанда, турнирлік кестеде «Автомобилист» хоккейшілері «Барыстан» айтарлықтай қалыс келуде. Биылғы маусым басталғалы екатеринбургтік ұжым 26 ойыннан 19 ұпай жинап, шығыс конференциясында соңғы орында тұрақтады. Ал астаналық команда қанжығасындағы 43 ұпаймен аталған конференцияда 4 орында келе жатыр.