АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында бүгін елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өтетін ойынға құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын бүгін, 25 қаңтарда елорда уақытымен 19:30-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесу барысында елордалық команда сапында Гудачек (Бояркин), Грант, Шалапов, Шестаков, Петухов, Ножье, Мищенко, Рахманов, Сагадеев, Михайлис, Грэм, Бекетаев, Луис, Борисевич, Бракко,
Қайыржан, Нұрғалиев, Әсетов, Гурков, Шайхмедденов мұз айдынға шығады.
Екі команда бұған дейін 50 мәрте кездесті. Оның 28-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде елу жеті ойыннан кейін 54 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 19-орында келеді.
Ал елу бес ойыннан кейін 54 ұпай жинаған «Трактор» 20-орынға жайғасқан.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберді.
Фото: hcbarys.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.