Буллиттер сериясында канадалық шабуылшы Найджел Доустың дәл соққысы «Барысқа» жеңіс алып келді.
Естеріңізге сала кетейік, 9-13 тамыз аралығында елордада хоккейден ҚР Президенті кубогы үшін жарыс өтуде. Оған «Барыс», «Витязь», «Югра» және «Амур» клубтары қатысуда. Жұма күні «Барыс» Хабаровскінің «Амурын» 8:0 есебімен ойсырата жеңсе, «Витязь» «Юграны» 3:1 есебімен ұтқан болатын.
ҚР Президенті кубогы осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Кубокты 2010 және 2011 жылдары «Барыс», ал 2012 жылы Санкт-Петербургтің «СКА» командасы иеленген еді.