«Нефтехимик»-тің баспасөз қызметінің хабарлауынша, турнирге Нижнекамск клубы мен «Барыс» клубынан бөлек, «Магнитогорск Металлург», Екатеринбургтің «Автомобилист» және Қытайдың «Кунлунь Ред Стар» клубтары қатысады. Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы 16-19 тамыз аралығында Қазақстан астанасында өтеді.
Бұған дейін «Барыс» командасы тамыздың 24-27 күндері Челябі облысы губернаторының кубогына да қатысады.
Өткен маусымда Юрий Михайлистің командасы ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 8-ші орынға ие болса, кейін өткен Гагарин кубогындағы бес матчта «Магниткадан» жеңіліп қалған.