«Барыс» ХК осы жазғы мусымда екі хоккей турниріне қатысады

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» жазғы маусымда екі хоккей турниріне қатысады, деп хабарлады команданың баспасөз қызметі.

«Бұл маусым аралығында «Барыс» Хоккей клубы «ҚР Президентінің Кубогы» ІІІ Халықаралық турниріне және 26-30 тамыз аралығында ресейдің Омбы қаласында өтетін В. Блинов құрметіне арналған турнирге қатысады», - делінген таратылған хабарламада.

Аталып өткендей, «ҚР Президентінің Кубогы» ІІІ Халықаралық турнирі 9-14 тамыз аралығында өтеді. Оған «Барыстан» өзге Санкт-Петербордың «СКА» ХК, Ханты-Мансийскінің «Югра» ХК, Өскемендік «Казцинк - Торпедо» командалары және хоккейден Қазақстанның ұлттық құрама командасы қатысады.

Сіздердің назарларыңызға «ҚР Президентінің Кубогы» турнирінің ойын күнтізбесін ұсынамыз.

9 тамыз (бейсенбі)

15.00  СКА - Югра

19.00  Барыс - Казцинк-Торпедо

10 тамыз (жұма)
15.00  Югра - ҚР ұлттық құрама командасы
19.00  Барыс - СКА

 12 тамыз (жексенбі)
15.00  Казцинк-Торпедо - Югра
19.00  ҚР ұлттық құрама командасы - СКА

13 тамыз (дүйсенбі)
15.00  ҚР ұлттық құрама командасы - Казцинк-Торпедо
19.00  Барыс - Югра

14 тамыз (сейсенбі)
15.00  СКА - Казцинк-Торпедо
19.00  Барыс - ҚР ұлттық құрама командасы