«Барыс» ХК өз алаңында «Северсталь» командасын 3:0 есебімен жеңді

None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Чехиялық «Витязь» командасынан жеңіліс тапқаннан кейін, қазақстандық «Барыс» тек жеңіске бекінді.

Астаналық «Барыстың» қарсыласы осал болмады - чероповецтік «Северсталь» командасы, деп хабарлады Vesti.kz.

Жағымсыз баланс пен жеңілістерге қарамастан, «жыртқыштар» оппонентін басып озуды көздеді. Бұл жерде қонақ клубының басты көзірі - Ресей құрамасының қақпашысы Василий Кошечкин «көмектесті».  Алдымен ол Дастин Бойдоның соққысына төтеп бере алмады, сәл кейінірек, алыс қашықтықтан бағытталған шайбаны борт алдында тоқтатуға әрекеттенді, бірақ жағдайға ие бола алмай қалды.

Үшінші голды матч бойы күтуге тура келді. Дмитрий Уппер мен Константин Руденко Роман Старченконы алаңның ортасына шығара отырып, қазақстандық команданың 48-ші нөмірлі ойыншысы Кошечкеннің қақпасына тағы бір гол салып, есепті 3:0 етті.

 «Барыс» командасы келесі кездесуін 7 желтоқсан күні Астанада Минскінің «Динамо» командасымен өткізеді.

Құрлықтық хоккей лигасы. Тұрақты чемпионат:  

«Барыс» (Астана) - «Северсталь» (Череповецк) - 3:0 (2:0, 0:0, 1:0)
Шайбалар:

1:0 - 01:08  Дастин Бойд (Найджел Доус, Фёдор Полищук). Теңдікте
2:0 - 01:36 Брэндон Боченски (Николай Антропов). Теңдікте
3:0 - 55:54 Роман Старченко (Константин Руденко, Дмитрий Уппер). Теңдікте

Қақпашылар: Виталий Еремеев - Василий Кошечкин.