«Сіздер алаңда өткен ойындарда немесе фотолар мен видео-шолуларда аренада кішкентай «барысты» көрген боларсыздар. Командамыздың шын берілген, адал, ақ жарқын жанкүйері, «Барыс-2008» клубының тәрбиеленушісі - Платон Даниленко жол апатына ұшырап, қаза тапты. «Барыс» хоккей клубы туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады...», - делінген клуб хабарламасында.
15:30, 07 Қаңтар 2017
«Барыс» ХК өз тәрбиеленушісінің қайтыс болғанын хабарлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей командасы өз тәрбиеленушісінің қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлады клубтың сайтына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.