«Барыс» ХК ресми түрде чехиялық шабуылшы И. Новотнымен келісімшартты үзді

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» хоккей клубы ресми түрде команданың чехиялық легионері Иржи Новотнымен келісімшартты бұзды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Айта кетейік, қазақстандық командада өткізген 2 жыл ішінде И. Новотны ҚХЛ өңірлік чемпионатының 96 ойынына қатысып, 63 ұпай жинаған. 

Бірақатар қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша, клубтан тағы екі чехиялық ойыншы кетті. «Барыс» ХК-ның жаңа басшысы «артықтарын» кетіріп, қазақстандық ойыншыларды тартты. Астаналық клуб өз күшімен Гагарин Кубогына қол жеткізбек ойда. 

Айта кетейік, бұған дейін И. Новотны қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбатында клубтың жаңа басшылығына өзінің өкпе-назын білдірген болатын. Оның айтуынша, жаңа басшылықтың келуімен оның Астанада ойнауға еш мүмкіндігі қалмаған.