«Барыс» хоккей клубы бірқатар хоккейшілермен келісімшарттарды бекітті

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы, «Атлант» ХК капитаны Дмитрий Уппермен екі жылдық кесімшартқа қол қойды.

Бұл жайында аталған хоккей клубының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

 Сонымен қатар екі жылдық келісімшарт финляндиялық қақпашы, 2011 жылдың әлем чемпионы Теему Лассиламен де бекітілді.

 Бұдан бөлек, "Йокерит" (Финляндия) командасының бұрынғы ойыншысы, 2011 жылдың әлем чемпионы, шабуылшы Янне Лахтимен, сондай-ақ  Құрлықтық хоккей лигасының 2011-2012 жылдағы ойын маусымында үздік мерген атанған Брэндон Боченскимен жаңа үш жылдық келісімшатқа қол қойылды. Ал «Барыс» хоккейшісі Эндрю Хатчинсонмен келісімшарт 2013 жылға дейін ұзартылды.