«Барыс» хоккей клубы екі хоккейшімен толықты

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Барыс» хоккей клубы екі хоккейшімен толықты.

Атап айтқанда астаналық хоккей командасының қатарына Найджел Доуз және Дастин Бойд атты екі шабуылшы қосылды. Найджел Доуз «Нью-Йорк рейнджерс», «Финикс койотс», «Калгари флеймс», «Атланта трешерс», «Монреаль канадиенс» командаларының құрамында өнер көрсеткен ойыншы. Жалпы ҰХЛ сапында 212 ойын өткізді. Ал Дастин Бойдт бұған дейін «Калгари флеймс», «Нэшвилл предаторс», «Монреаль канадиенс» командаларының намысын қорғады. ҰХЛ құрамындағы 220 ойынға қатысты.