«Барыс» хоккей клубы сырт алаңда омбылық «Авангардпен» матч өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті маусымдық матчы өтеді, онда омбылық «Авангард» «Барыс» командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Авангард»-«Барыс» кездесуінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады, ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.

65 ойыннан кейін «Барыстың» 61 ұпайы бар; 64 ойыннан кейін Авангардтың еншісінде 79 ұпай бар.

«Барыс» өзінің соңғы матчында Бейжіңнің»Кунлун Ред Стар«командасын (2:1) қосымша уақытта жеңген болатын; «Авангард» та қосымша уақытта өз алаңында Нижнекамсктің «Нефтехимигін» (2:1) ұтқан еді.