«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» қамқоршылық кеңесі клуб басшылығымен бірлесіп, барлық кандидатураларды талқылап, бапкерлік құрамды айқындады, деп хабарлады «Барыс» ХК баспасөз қызметі.

Команданың бас бапкері болып Евгений Корешков тағайындалды. Оның көмекшілері Ғалым Мамбетәлиев, Андрей Шаянов, Александр Ахцигер, Алексей Кузнецов пен Сергей Тамбулов.

«Қар қабыланы» жастар командасын Сергей Старыгин басқарды.

«Барыс» -  барша командалар басшылығы мен бапкерлік штабтары қызметінің негізгі бағыттары халықаралық аренаға шығу үшін барлық жастағы ұлттық құрамалардың бәсекеге қабілетті құрамын қалыптастыру болып табылатын Қазақстан құрамасының базалық клубы.  Бас команданы жаңарту - бапкерлік штаб үшін де, басшылық үшін де маңызды басымдықтардың бірі.