Атап айтқанда, «Барыс» клубы швециялық қорғаушы Юнас Юнландпен келісімшартты бекітті. Ол ағымдағы маусымда «Фэрьестад БК» клубының құрамында Швеция чемпионы атанды. Енді «Барыс» құрамындағы аталған қорғаушының бойы - 188 см, ал салмағы 91 келі. Бұған дейін ол «Линчепинг» (Швеция), «Сент-Луис блюз» (НХЛ), «Пеория ривермен» (АХЛ), «Фэрьестад БК» (Швеция) командаларының сапында болған.
11:08, 27 Сәуір 2011
«Барыс» хоккей клубына жаңа ойыншы қабылданды
АНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астаналық «Барыс» хоккей клубына жаңа ойыншы қабылданды. Бұл туралы аталған хоккей командасының ресми сайтында хабарланған.