«Барыс» хоккей клубының бас бапкері ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қамқорлық кеңесінің шешімі бойынша «Барыс» хоккей клубының бас бапкері болып Андрей Назаров тағайындалды, деп хабарлады Sports.kz.

Ресейлік маман Андрей Назаров «Барыс» клубына Қазақстан құрамасынан Ари-Пекки Селин өз еркімен кеткеннен кейін «Донбасстан» келді.

Назаров 2013 жылы «Донбасс» пен украиндық құраманы басқарған. Айта кетейік, Украинадағы күрделі саяси жағдайға байланысты «Донбас» бірқатар жетекші ойыншыларын жоғалтты.