«Барыс» хоккей клубының президенті ауысты
17:27, 11 Мамыр 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубында жаңа тағайындаулар болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Қамқоршылық кеңестің шешімімен «Барыс» ХК президенті лауазымына Асқар Сейдахметұлы Шопобаев тағайындалды», - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.
Бүгін тараптардың келісімімен «Барыс» ХК президенті Александр Корешковпен жасалған еңбек келісім-шарты бұзылды.
Асқар Шопобаев 2010-2015 жылдарда «Алматы» ХК мен Алматы және Алматы облысындағы Қазақстандық хоккей федерациясының филиалын басқарды.