«Барыс» хоккей клубының сапы жаңа ойыншылармен толықты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубының сапы жаңа ойыншылармен толықты. Жаңа ойыншыларды бүгін аталған клубтың президенті Александр Корешков таныстырды.

Сонымен клуб құрамына мына ойыншылар кірді: қорғаушылар Китон Эллерби мен Вячеслав Трясунов және шабуылдаушылар Вадим Краснослободцев, Мартен Сен-Пьер мен Алексей Кайгородов. Клуб президенті команда сапына қосылған жаңа ойыншыларға спорттық формаларын тапсырып, олардың алдағы ойындарына табыс тіледі. Айта кетерлігі, «Барыс» ойыншыларының киім үлгілеріне өзгертулер енгізіліп, қазақ оюымен өрнектелген.