Кеше «Қазақстан» спорт сарайында өткен додада «Барыс» оқтын-оқтын шабуыл жасағанымен, «Атланттың» қорғаныс шебін бұзу қиынға түсті. Екінші кезеңнің 5-минутында қонақтар есеп ашты. Сондай-ақ ойынның үшінші кезеңінде «Атлант» командасының басымдығы арта түсті, яғни олар есепті еселей түсті. Осылайша, «Барыс» қонақтардан 0-2 есебімен ұтылыс тапты. Астаналық команданың келесі ойыны ертең «Торпедо» командасымен болады.
11:00, 20 Қараша 2010
«Барыс» хоккей командасы «Атлантқа» есе жіберіп қойды
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жатқан Астананың «Барыс» командасы бұған дейінгі бірнеше дүркін жеңісті ойындарынан кейін кешегі тартысында «Атлант» (Мәскеу облысы) командасына есе жіберіп қойды.