«Барыс» хоккейден «TANECO Кубогы» турниріне тұңғыш мәрте қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Қазан қаласында 10-14 тамыз аралығында қазақстандық «Барыс» командасының қатысуымен өтетін «TANECO Кубогы» турнирінің ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәстүрлі турнирге «Барыстан» басқа Ресейдің ярославілік «Локомотив» (Ярославль) , «Трактор» (Челябинск) және «Ак Барс» командалары ойнайды.

Турнирдің тарихы 2020 жылдан бастау алады. Екі жыл бойы ол «Чемпиондар Кубогы» деп аталып келді. Сондықтан оған тек Гагарин кубогын жеңген командалар ғана қатыса алатын.

Алғашқы екі жылда кубок Татарстан астанасы Қазан қаласында қалған.

2022 жылы турнир «TANECO Кубогы» деп атауына ие болды. Бұл жолы Нижнекамск қаласының «Нефтехимик» командасы чемпион атанды.

Биыл турнирге алғаш рет шетелдік команда ретінде «Барыс» қатысады. Қазақстандық хоккейшілер 9 тамызда толық құрамда Қазан қаласына аттанады. Сол күні оған қатысатын ойыншылар есімі жарияланады.

Іріктеу кезеңінде әрбір команда турнир қатысушысына қарсы бір матчтан өткізеді. Одан соң үшінші орын мен финалда ойнайтын ұжымдар анықталады.

«TANECO Кубогы 2023» турнирі матчтар кестесі (Астана уақытымен)

10 тамыз, бейсенбі

16:00. «Локомотив» – «Барыс»

22:00. «Ақ Барс» – «Трактор»

11 тамыз, жұма

16:00. «Трактор» – «Барыс»

22:00. «Ақ Барс» – «Локомотив»

13 тамыз, жексенбі

15:00. «Трактор» – «Локомотив»

20:00. «Ақ Барс» – «Барыс»

14 тамыз, дүйсенбі

16:00. Үшінші орын үшін матч

22:00. Финал

Еске салсақ, бұдан бұрын хоккейден Блинов кубогындағы «Барыс» командасының қарсыластары анықталды.