«Барыс» хоккейшілері Минскінің «Динамосын» 7:2 есебімен талқандады
«Жыртқыштар» есепті ойынның екінші минутында-ақ ашты - Максим Спиридонов минчандықтардың (Шарль Лингле дөрекілік үшін 2+10 алды) ойыннан аластатылуын тиімді пайдалана білді. Есеп - 1:0. Дегенмен екі минуттан кейін-ақ қонақтар есіпті теңестірді, Янне Нискала бағыттаған шайба Виталий Еремеевтің қақпасына кіріп, 1:1 болды.
Командалар ойынның екінші кезеңінде де шайба алмастырып үлгерді, 3:2.
Ойынның соңында қонақтар астаналық командадан ойсыра жеңілді. Қатарынан 3 шайба Пекка Риннаның қақпасына дәл кірді.
Бұл ойында Жайлауов, Руденко, кейін Доус ерекшеленді. Қонақтардың басты жаттықтырушысы Александр Андриевский тәжірибелі қақпашысын ауыстырды. Мұз айдынына Денис Ковалев шықты. Алайда оның бұл қадамы нәтиже бермеді. Ойын 7:2
есебімен аяқталды.
«Барыс» келесі кездесуін сырт алаңда өткізеді. 19 желтоқсанда қазақстандық клуб Ригада жергілікті «Динамо» командасымен ойнайды.