Астанада өткен ойынның негізгі кезеңінде есеп 3:6 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды. Айта кетейік, екінші айналымда қазақстандық клуб 3:2 есебімен алда келе жатқан болатын. Дегенмен қысқа уақыттың ішінде "Сібір" командасы қатарынан екі шайба салды. Ал үшінші кезеңде "Барыс" қақпасына тағы екі гол енді.
Құрлықтық хоккей лигасы
«Барыс» - «Сібір» 3:6 (3:2, 0:2, 0:2) Шайбалар: 0:1 - 04:19 Улльстрём (Ворошило). 0:2 - 06:10 Санников (Шумаков, Алексеев). 1:2 - 07:35 Краснослободцев (Жайлауов, Литвиненко). 2:2 - 08:54 Краснослободцев (Жайлауов, Литвиненко). 3:2 - 14:58 Сен-Пьер (Доус, Даллмэн). 3:3 - 32:46 Копейкин (Губин, Шалунов). 3:4 - 33:00 Шумаков (Алексеев, Гимаев). 3:5 - 51:50 Улльстрём (Риддервалль). 3:6 - 58:06 Губин.
«Барыс» құрамы: Лацо - Даллмэн-Ландин, Доус-Боченски-Сен-Пьер; Эллерби-Семёнов, Жайлауов-Кайгородов-Рымарев; Савченко-Литвиненко, Михайлис-Полищук-Краснослободцев; Трясунов-Рыспаев, Пушкарёв-Романов-Асетов. «Сібір» құрамы: Салак - Верещагин-Ибрагимов, Риддервалль-Улльстрём-Винцоур; Алексеев-Рот, Шумаков-Санников-Фефелов; Меньшиков-Игнатович, Бобров-Копейкин-Ворошило; Гимаев, Жафяров-Губин-Шалунов. Айып: 6:8 (2:2, 2:2, 2:4) Бас төрешілер Алексей Белов, Юрий Оскирко, ал желілік төрешілер Степан Коршак, Александр Чернышёв болды. Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында өткен ойынды 3890 көрермен тамашалады.