Канадалық шабуылшы Фил Фарон өз мансабын Құрлықтық хоккей лигасында жалғастырады. 29 жастағы хоккейші «Барыспен» маусымның аяқталуына дейін жалғасатын келісімшартқа қол қоймақ.
Фил Фарон Ұлттық хоккей лигасының өткен маусымында «Уилкс-Барре/Скрэнтон Пингвинзтен» бастап, одан«Лаваль Рокетке» ауысып өтті. Америка хоккей лигасының тұрақты чемпионатында ол 33 матчқа қатысып, пайдалылықтың «-17» және 8 минуттық айып уақыт көрсеткішінде өз үлесіне 19 ұпай (4 15) жинаған.
Ұлттық хоккей лигасындағы мансабында Варон 97 матч өткізді. Ол 8 шайба кіргізіп, пайдалылықтың «-20» және 26 минут айып уақыт көрсеткішінде шайбаны 9 рет нәтижелі берген.
Оны 2009 жылғы драфт ойынның бесінші раундында жалпы 146-шы нөмірмен «Сан-Хосе» клубы таңдады. Бұған дейін ол «Баффало Сэйбрз», «Оттава Сенаторз» және «Филадельфию Флайерз» командалары үшін ойнаған.