«Барыс» қарсыласына есе жіберіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХЛ аясындағы кезекті ойында астаналық «Барыс» Санкт-Петербордың «СКА» командасына есе жіберіп алды.

Сырт алаңда өткен тартысты доданың бірінші кезеңінде қос команда да есеп ашуға қауқарсыздық танытты. Ал екінші кезеңде «Барыстың» хоккейшілері бірінші болып гол салды. Алайда, бір минуттан кейін қарсыластар есепті теңестірді. Арада көп ұзамай астаналықтар есепті еселеп, алға шықты. Дегенмен 34 минутта «СКА» ойыншысы ойынды тағы да теңестіруге мүмкіндік алды. Матчтың келесі кезеңінде «Барыс» қарсыластары үшінші голды салып, жеңіске қол жеткізді.

Астаналық команданың келісі ойыны ертең, 2 наурыз күні Череповец қаласында «Северсталь» хоккейшілерімен болады.