«Барыс» қазақстандық хоккей клубы тағы бір легионермен толықты

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петербордың армияшылар хоккей спорт клубының легионері Дэвид Немировски қазақстандық «Барыс» командасына ауысады. Клубтың баспасөз қызметі хабарлағанындай, ойыншының ауысуы туралы уағдаластыққа бүгін қол жеткізілді.

Д.Немировски өзінің ауысуы туралы бірнеше нұсқаны қарастырғанын, алайда нәтижесінде таңдау Астана клубына түскенін атады.