Екатеринбургта өткен матч барысында қазақстандық команда 1:2 есебiмен қарсыласын тiзе бүктiрдi. Алғашқы голды «Автомобилист» хоккейшiлерi салды, Артем Чернов ойынның жетiншi минутында ұрымтал сәттердiң бiрiнде қақпаны дәл көздедi. Дегенмен, екiншi айналымның үшiншi минутында Константин Романов есептi теңестiрдi. Ал үшiншi айналымда Константин Руденко «Барысты» алға шығарды. «Автомобилист» соңғы минуттарға дейiн гол салуға тырысты, алайда астаналықтардың қақпашысы үздiк ойын көрсеттi.
Осылайша, плей-офф сериясында есеп 3:0, «Барыстың» есесi түгел. Келесi матч 12 наурызда Екатеринбургта өтпек. Ол ойында астаналықтар жеңетiн болса, ҚХЛ-дың ширек финалына өтедi.