Қазіргі кезде 45 матчтан кейін 65 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясының турнир кестесінде төртінші орында тұр. Негізгі уақытта қазақстандық команда 29 ойынның 23-інде жеңіске жеткен. Оның рекорды, сондай-ақ, 26 рет жеңіске жеткен 2013-2014 жылғы маусым болып отыр. Осы маусымда тұрақты чемпионаттың мәресіне дейін астаналықтарда тағы 17 ойын қалып отыр, сондықтан бұл жетістігінен асып түсуге мүмкіндігі бар.
10-17 қаңтар аралығында «Барыс» командасының«Куньлунь Ред Стар», «Сочи», «Спартак» және «Салават Юлаевпен» матчтары өтеді.