«Барыс» ҚХЛ матчында «Сібірді» 6:3 есебімен жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккейшілері «Сібірден» сырт алаңдағы жеңілісінен қарымта қайырып, осы жолы 6:3 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлады sports.kz.

ҚХЛ-дің кезекті ойыны тартысты өтті, голл саны да көп болды, ойыншылардың шығып қалуы да жиіледі.

«Біз ойынның басында 5:0 есебімен басымдықта болдық. Одан әрі ойын күрделене түсті. Біздің біраз хоккейшілеріміз ойыннан шығып қалған уақыттар болды, ал қарсыластарымыз қайтадан ойынға кірісіп жатты. Дегенмен біраз гол салынды, тұтастай алғанда бәрі жақсы. Жаттықтырушының жүйесіне де бойымыз үйрене бастады, қорғана отырып, шабуылды да үдеттік. Дегенмен жақсы ойын көрсете алдық деп ойлаймын», - деп атап өтті елордалық клубтың капитаны Брэндон Боченски.

«Барыстың» келесі ойыны 12 қазанда сағат 17:00-де новокузнецкілік «Металлургпен» өтеді.