«Барыс» клубына жаңа президент тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың «Барыс» хоккей клубына жаңа президент тағайындалды. «Клубтың қамқоршылық кеңесінің шешімімен, «Барыс» ХК президенті лауазымына 2006 жылдан бері клубтың вице-президенті болып келген Борис Иванищев тағайындалды», - деп жазды «Барыстың» ресми сайты.

Борис Иванищев 1965 жылы Петропавл қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін денешынықтыру және спорт мамандығы бойынша, П.Ф. Лесгафт атындағы Ұлттық денешынықтыру, спорт және денсаулық мемлекеттік университетін (Хоккей академиясы кафедрасы) бітірген.

Еске сала кетейік, бұған дейін клубтың бұрынғы президенті Асқар Шопобаев «отбасы жағдайына байланысты» лауазымынынан босаған болатын.