Айта кетейік, қос команда да ойынды тартысты әрі қарқынды бастады. Ойыннның 17-нші минөтінде қарсылас команданың ойыншысы Дмитрий Орлов есеп ашты. Ал тартысты доданың екінші кезеңінде қос команданың хоккейшілері қанша тырысқанымен де қақпаға шайба сала алмады. Атап айтқанда, «Металлург» командасы қорғаныс шебін ұстанып, астаналық команданың шабуылдарына тойтарыс берумен болды. Тек үшінші кезеңнің 51-інші минөтінде «Барыс» командасының қос ойыншысы Вадим Краснослободцев пен Талғат Жайлауов қарсыластарының қақпасының осал жерін тауып, есепті теңестірді. Негізгі ойында есепті еселей алмағандықтан командалар қосымша таймда күш сынасты. Бұл тартыста «Металлург» командасы басым түсті. Сонымен 1:2 есебімен «Барыс» ұтылып қалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін астаналық «Барыс» хоккей командасы Құрлықтық хоккей лигасының аясында қазанның 20-ында өткен ойында «Сібір» командасын 3:1 есебімен жеңген болатын.