«Барыс» командасының бас жаттықтырушысы Андрей Хомутов қызметінен босатылды

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астаналық «Барыс» хоккей командасының бас жаттықтырушысы Андрей Хомутов қызметінен босатылды.

Аталған команданың баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Құрлықтық хоккей лигасы аясында қанағаттанарлықсыз ойын бастауы мен команданың ағымдағы төмен көрсеткіштері үшін «Барыс» хоккей клубының қамқорлық кеңесінің шешімімен бас жаттықтырушы А. Хомутов қызметінен босатылды. Бас жаттықтырушы міндетін атқарушы болып А. Шаянов тағайындалды. Сонымен қатар команда жаттықтырушысы қызметінен С. Стариков те босатылды.