Бұл кездесуде астаналықтардың қақпасын Сергей Кудрявцев қорғады. Бірінші кезеңде есепті Александр Шаров ашты, екіншісінде астаналық Найджел Доус оны теңестірді. Ойынның шешуші кезеңінде қонақтар Иван Вишневскийдің арқасында алға шықты, кейін Линден Вей есепті теңестірді. Овертайм нәтиже әкелмеді, ал айыпсоққылар сериясында Доус қақпаны «ала алды».
Енді 12 тамыз күні қазақстандық клуб Омскінің «Авангардымен» кездеседі.
«Барыс» - «Трактор» 3:2 Б (0:1, 1:0, 1:1, 0:0, 1:0)
Шайбалар:
0:1 - 12:53 Шаров (Мамаев, Петриков). Теңдікте
1:1 - 27:03 Доус (Даллмэн). Теңдікте
1:2 - 41:18 Вишневский (Якуценя, Кольцов). Артықшылықта
2:2 - 56:03 Вей. Теңдікте
3:2 - 65:00 Доус. Буллит
Қақпашылар: Кудрявцев - Францоуз
Айып: 12:22 (0:0, 4:4, 8:18, 0:0).