НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогының иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барыс» финалда Қарағандының «Сарыарқа» командасымен кездесті.
Алғашқы он минутта елордалық клуб қарсыластар қақпасына үш шайба соғып үлгерді. Оны Кертис Волк 4, Егор Шалапов 6, Мэттью Фрэттин 9-минутта өзінің еншісіне жазды.
Одан кейін «Сарыарқа» сапынан Степан Грымзин 10, 23, Сергей Голоднюк 18-минуттарда мергендік танытып, таразы басын теңестірді.
Ал «Барыс» хоккейшілері Якоб Лилья 33, Даррен Диц 39, Егор Петухов 49, Роман Старченко 59-минуттарда қақпаны дәл көздеді.
Осылайша елордалық клуб қарсыласын 7:3 есебімен жеңіп, кубокқа ие болды.
Екінші орын «Сарыарқаға» бұйырса, үздік үштікті Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасы түйіндеді. Ал өскемендік «Торпедо» төртінші орынды місе тұтты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.