НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрамына швециялық шабуылшы Якоб Лилья қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде команда басшылығы ресми түрде хабарлады . Келісімшарт бір жылға жасалды. Ол 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жарамды.
Якоб Лилья 1993 жылдың 23 шілдесінде Швецияның Лимхамн қаласында дүниеге келген. Хоккейдегі алғашқы қадамын өз елінің «Лимхамн» клубында бастаған. Сондай-ақ, сол елдегі «Юргорден» клубының намысын қорғады.
Былтыр Ұлттық хоккей лигасындағы «Коламбус» клубында тұсаукесер маусымын өткізді.
2018/19 жылғы кезеңде Швеция құрамасы сапында Евротурдың кезеңдік ойындарына қатысты.
Сондай-ақ, «Барыс» тамызда өтетін Президент кубогы турниріне қатысады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.