«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының ойынында «Сібір» командасынан басым түсті

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» хоккей командасы Құрлықтық хоккей лигасының аясында өткен кешегі ойында «Сібір» командасын 3:1 есебімен жеңді.

Бірінші кезеңде біздің команда қонақтарға 0:1 есебімен есе жіберіп алған болатын. Бірақ кейінгі кезеңдерде айдын иелері нағыз спорттық мінез көрсете білді. Атап айтқанда, жерлестеріміз қарсыластар қақпасынаның осал жерін тауып, үш шайба салу арқылы есепті еселей түсті. Нәтижесінде мұз айдынындағы кешегі тартыс «Барыс» командасының басымдығымен, 3;1 есебімен аяқталды.