«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында көш бастады

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы Шығыс конференциясының көш басына шықты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Осы күнге дейін бірінші орынды ұстап келген магнитогорскілік «Металлург» клубы «Салават Юлаевтан» буллит сериясында ұтылып қалғаннан кейін оның орнын «Барыс» басты. Қазіргі уақытта «Металлург» еншісінде 44 ойында 88 ұпай бар. Дәл осындай көрсеткішке «Барыс» хоккейшілері де жетіп отыр. Алайда қазақстандық команданың қосымша көрсеткіштер бойынша магнитогорскілік ұжымнан асып тұрған жайы бар. Еске сала кетейік, бұның алдында «Барыс» өз айдынында 4:2 есебімен мәскеулік «Спартакты» жеңген болатын.